• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №3-4/1045

245 рет
көрсетілді

2015 жылғы 30 қараша,  Астана қаласы Қайта өңдеушілер үшін 2016 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлуді бекіту туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған қайта өңдеушілер үшін 2016 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлу бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өндеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №3-4/1045 бұйрығымен бекітілген Қайта өңдеушілер үшін 2016 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлу № Лицензияланған қатысушылардың атауы Қатысушының ЖСН/БСН тонна Ірі қара малдың еті, мұздатылған (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0202) 1 «Тортуманов и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 980340002346 700,0 2 «Компания РОКОС LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 121040020172 2 000,0 3 «Семей ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 030740002165 1 257,0 4 «Бижан ет өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 110140005640 450,0 5 «Жарсуат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 991240003127 800,0 Барлығы 5 207,0 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 6 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12813 болып енгізілді.